русский язык
Теннис

Астанада Президент кубогы үшін жарыстар мәресіне жетті

Астанада Президент кубогы үшін жарыстар мәресіне жетті

Астана қаласындағы Beeline arena ұлттық теннис орталығында Президент кубогы үшін ITF World Tennis Tour турнирі аяқталды.

Ерлер арасында M25 додасында Президент кубогына тұрақты қатысушы, өзбекстандық Хумоюн Сұлтанов жеңімпаз атанды.

Х.Сұлтанов финалда америкалық Алафия Айениді 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

теннисФото: ҚТФ

Жартылай финалға дейін жеткен 16 жасар қазақстандық Әмір Омарханов осы А.Айениге жол берген еді.

Өткен жылғы жарыста Хумоюн соңғы бәсекеде қазақстандық Денис Евсеевтен ұтылған болатын.

Әйелдер арасында W35 бәсекесінде ресейлік Татьяна Прозорова үздік шықты. Титул үшін матчта ол отандасы Александра Шубладзеден басым түсті — 7:5, 6:7 (5:7), 6:1.

тенФото: ҚТФ

Жұптық сында ресейліктер Илья Семакин — Егор Агафонов қарсылас шыдатпады. Олар шешуші ойында қазақстандық Григорий Ломакин — грузиялық Зура Ткемеладзені тізе бүктірді — 6:2, 6:4.

тФото: ҚТФ

Әйелдер арасында ресейліктер Анастасия Гасанова — Екатерина Шалимованың асығы алшысынан түсті. Бұл дуэт екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық Жанель Рүстемова — ресейлік Виктория Дьяченконың меселін қайырды — 7:6 (7:4), 2:6, 10:7.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;