русский язык
ММА

«Қазақстанға UFC белбеуін әкелер едік». Шавкат Рахмоновтың бапкері жаңа чемпион туралы

«Қазақстанға UFC белбеуін әкелер едік». Шавкат Рахмоновтың бапкері жаңа чемпион туралы

Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров Prosports.kz сайтына жартылай орта салмақта UFC чемпионының ауысқаны туралы пікірін айтты.

«Мен де басқалар секілді басқа нәтижені күттім. 60% Леон Эдвардс жеңеді деп ойладым. Өйткені ол чемпион, оның үстіне үйінде жұдырықтасады. Тейкдаундардан, соққы шеберлігі жағынан артықшылығы болды. Бірақ Белал Мухаммад шыдамдылық, физикалық дайындық, футворк жағынан мықты болды.

Біз үшін кімнің жеңгені маңызды емес. Бұған дейін айтқанымдай, желтоқсан айына қарай жаңалықтар боп қалады. Титул үшін жекпе-жек өткізуіміз мүмкін. Белалға қарсы Шавкаттың шыққаны дұрыс. Шавкат бағын сынап көрер еді. Бәрі жақсы болса, Қазақстанға UFC белбеуін әкелер ме едік», - деді Базров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;