Олимпиада: Александр Шевченко жарыс жолынан шықты
![Олимпиада: Александр Шевченко жарыс жолынан шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201736_896563c140399efbd43deddf46256f0e.webp?v=1722193667071?v=28704138)
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (АТР рейтингінде 58-орын) Париж олимпиадасындағы жекелей сында бірінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс басында ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы чехиялық Якуб Меншикпен (81-орын) кездесіп, екі сетте 3:6, 4:6 есебімен ұтылды.
Осылайша, ерлер арасындағы жекелей сында бірінші айналымнан кейін Олимпиадада Қазақстанның бірде-бір теннисшісі қалмады.