русский язык
Басқа

Мергендер іріктеу кезеңінде бақ сынады

Мергендер іріктеу кезеңінде бақ сынады

Париж Олимпиадасында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден ерлер арасындағы жекелей сынның іріктеуі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Ислам Сатпаев тура 628 ұпай жинап, 21-сатыға табан тіреді.

Ал Константин Малиновский 626.6 ұпаймен 32-орыннан көрінді.

Бұл сында барлығы 49 спортшы бақ сынады. Ертең финалда үздік 8 мерген жүлдеге таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;