русский язык
Басқа

Қазақстандық гимнасттар Олимпиадада финалға өтті

Қазақстандық гимнасттар Олимпиадада финалға өтті

Олимпиада ойындары аясында спорттық гимнастикадан іріктеу аяқталды. Жарыстың финалдық бөліміне қазақстандық Нариман Құрбанов пен Милад Карими шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрбанов ат снаряды бойынша алтын медальға таласады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 15 000 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Карими өз кезегінде жекелей көпсайыс бойынша іріктеуден өте алды. Ол сонымен қатар еркін жаттығудың финалында ел намысын қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада 11 тамызға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;