русский язык
Единоборства

Олимпиада ойындары: Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін белдесуде ұтылды

Олимпиада ойындары: Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін белдесуде ұтылды

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан қыздар арасында 48 келі дәрежесінде қола жүлде үшін белдесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан намысын қорғайтын Әбиба Әбужақынова швециялық Тара Бабулфатпен кездесті.

Жекпе-жектің басында бұрымды балуанымыз аяғын ауыртып алды. Нәтижесінде Әбиба қарсыласынан иппон әдісімен жеңілді.

Айта кетейік, осыған дейін 60 келі салмақта Елдос Сметов финалға жолдама алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;