Теннистегі құлдырау: Бублик Олимпиадада жарыс жолынан шықты
![Теннистегі құлдырау: Бублик Олимпиадада жарыс жолынан шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/203991_cccaeaaa409baa6d6c087a24501423ca.jpg?v=28702163)
Қазақстандық теннисші, әлемнің 25-ші ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан Олимпиада турнирінің 2-ші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық бірінші айналымда америкалық Тейлор Фрицтен 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 59 минутқа созылды.
Келесі айналымда Фриц Д.Дрепер (Ұлыбритания) пен К.Нишикори (Жапония) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, теннистен жарыстар 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді.
Қоса кетейік, жарысқа дейін Елена Рыбакинаның, бүгін Юлия Путинцеваның Олимпиадаға қатыса алмайтыны белгілі болды.