Өзбекстандық «Қасқыр» OCTAGON 61 турнирінде өнер көрсетеді
![Өзбекстандық «Қасқыр» OCTAGON 61 турнирінде өнер көрсетеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201736_21d9bc3ad838182a977ed1842a30f4be.webp?v=28701993)
OCTAGON 61 турнирі аясында Қырғызстан астанасында жеңіл салмақтағы қызықты жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кәсіпқой мансабында жалғыз рет жеңіліске ұшыраған жергілікті спортшы Марат Есенбеков (5-1) өзбекстандық «Қасқыр» Ибрагим Шаймановпен (6-5) кездеседі.
Қырғызстандық файтер Еуразиялық жекпе-жек лигасындағы дебютін өткізгелі оты. Ал өзбекстандық «Қасқыр» қазірге дейін ұйымда қатарынан екі рет жеңіске жетті.
3 тамызда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.
Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.
OCTAGON 61 турнирінің билеттерін kassir.kg сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink