русский язык

«Тобыл» бұрынғы жартылай қорғаушысын командаға қайтарғысы келеді

«Тобыл» бұрынғы жартылай қорғаушысын командаға қайтарғысы келеді

Қостанайлық «Тобыл» 2021-2022 жылдар аралығында «сары-жасылдар» сапында өнер көрсеткен серб вингері Зоран Тошичті қайтаруға мүдделі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб басшылығына жартылай қорғаудың шетінде тәжірибелі футболшы керек, сондықтан Тошичтің кандидатурасы қостанайлық бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиевке толық сәйкес келеді.

Тошичтің өзі клубпен келісімшартқа отыруға асықпайды, өйткені қостанайлықтардың ұсынысына көңілі толмай отыр.

Айта кетейік, Сербия құрамасының экс-футболшысы бұған дейін қостанайлық команда сапында өнер көрсетіп, 2021 жылғы ел чемпионы, сондай-ақ Қазақстан Суперкубогының иегері атанған болатын.

Тошич мансабында «Партизан», «Манчестер Юнайтед», «Кельн», ЦСКА, «Тайчжоу», «Банат» және «Пролетария» командаларында ойнаған. Оның кейінгі клубы грекиялық «Ламия» болды. Футболшы Сербия құрамасы сапында 76 матч өткізіп, 11 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;