русский язык
Басқа

Париж Олимпиадасының бюджеті белгілі болды

Париж Олимпиадасының бюджеті белгілі болды

Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бюджеті 11 миллиард еуроны құрайды, бұл бастапқыда жоспарланған сомадан екі есе көп, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ouest-France мәліметінше, Париж ойындарды өткізуге ұсыныс жасаған кезде болжамды бюджет шамамен 6,2 миллиард еуроны құраған, бірақ жалпы сома айтарлықтай өсті.

Басылымның атап өтуінше, бюджеттің ұлғаюының негізгі факторы мемлекеттік шығындар болды, ол бастапқыда жоспарланған 2,3 миллиард еуроның орнына 4,6 миллиард еуроны құрады. Ашылу салтанатына кететін шығын шамамен 122 миллион еуроны құрайды.

Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;