русский язык
Теннис

Анна Данилина Румыниядағы WTA 250 турнирінде топ жарды

Анна Данилина Румыниядағы WTA 250 турнирінде топ жарды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина Яссы (Румыния) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген еді. Сол атағын ақтаған қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 2-ракеткалары, ресейліктер Александра Панова – Яна Сизиковамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Данилина – Хромачева брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бұдан кейін ресейлік дуэт қайыра брейк жасады. Дегенмен Анна мен Ирина сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық-ресейлік жұп 3:0 есебімен алға шықты. Ресейліктер есепті қысқартқанымен, Анна Данилина – Ирина Хромачева матчты жеңіспен аяқтады – 6:2. Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 13 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;