русский язык
Теннис

Әмір Омарханов Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты

Әмір Омарханов Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 1349-ракеткасы, 16 жасар Әмір Омарханов Астанада өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жартылай финалына өтті.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 737-ракеткасы, 28 жастағы үндістандық Эс Де Праджвал Девпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Әмір 6:2 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде үндістандық теннисші дәл сондай есеппен есе қайырды — 6:2.

Үшінші, шешуші сетті Омарханов жеңіспен түйіндеді — 6:2. Тартысты ойын 2 сағат 43 минутқа созылды.

Осылайша, Әмір елордада ересектер арасында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Оның келесі қарсыласы кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 1013-орындағы Сандуғаш Кенжебаева Астанада әйелдер арасында өтіп жатқан ITF W35 додасының ширек финалда әлемнің 417-ракеткасы, ресейлік Татьяна Прозороваға жол берді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;