русский язык
Басқа

«Қазақстанға керемет жаңалық дайындап жатырмыз». Олимпиада чемпионы рингке орала ма?

«Қазақстанға керемет жаңалық дайындап жатырмыз». Олимпиада чемпионы рингке орала ма?

Қазақстандық танымал боксшылар Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) пен Иван Дычконың (13-0, 12 КО) ресми өкілі Зия Алиев жақында жақсы жаңалық болатынын айтты.

– Иванның жекпе-жегі жақындап келеді. Уақыт 21 тамызда. Данияр басқа уақытта жекпе-жекке шығады. Қазір Қазақстанға керемет жаңалық дайындап жатырмыз, – деді Алиев.

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы өткізген еді. Ал Дычко бір жылдан бері рингке шықпады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;