русский язык
Хоккей

«Барыс» сапына америкалық қорғаушы қосылды

«Барыс» сапына америкалық қорғаушы қосылды

Елордлық «Барыс» командасы сапына Уилл Бутчер қосылды. Америкалық қорғаушымен бір жақты келісімшарт 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Уилл Бутчер бұған дейін спорттық мансабын Солтүстік Америкада өткізген. АҚШ құрамасы сапында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанды. Сондай-ақ ересектер арасындағы әлем чемпионатында элиталық дивизионда қола жүлдегер болды.

Уилл Бутчер Ұлттық хоккей лигасында (НХЛ) «Нью-Джерси» және «Баффало» командалары сапында 280 ойын өткізді. Өткен маусымда Америка хоккей лигасында «Уилкс-Барре/Скрэнтон» және «Айовы» клубтарының намысын қорғады.

Еске салайық, бұдан бұрын елордалық «Барыс» хоккей командасы Уэйд Эллисонмен келісімшарт жасасқан еді.

Канадалық шабуылшымен бір жақты келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.

Уэйд Эллисон хоккейшілік мансабының барлық бөлігін Солтүстік Америка лигаларында өткізді. Олардың қатарында «Филадельфия», «Лихай Вэлли Фантомс», «Лихай Вэлли Фантомс» клубтары бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;