русский язык
Хоккей

«Барыс» сапына америкалық қорғаушы қосылды

«Барыс» сапына америкалық қорғаушы қосылды

Елордлық «Барыс» командасы сапына Уилл Бутчер қосылды. Америкалық қорғаушымен бір жақты келісім-шарт 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.

Уилл Бутчер бұған дейін спорттық мансабын Солтүстік Америкада өткізген. АҚШ құрамасы сапында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанды. Сондай-ақ ересектер арасындағы әлем чемпионатында элиталық дивизионда қола жүлдегер болды.

Уилл Бутчер Ұлттық хоккей лигасында (НХЛ) «Нью-Джерси» және «Баффало» командалары сапында 280 ойын өткізді. Өткен маусымда Америка хоккей лигасында «Уилкс-Барре/Скрэнтон» және «Айовы» клубтарының намысын қорғады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;