русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы Тайландта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Тайландта жекпе-жек өткізеді

25 шілдеде Бангкоктағы «Future Champions» турнирінде қазақстандық боксшы Нұржан Серікбаев таиландтық Порамин Саенгпакпен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшының жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған.

Порамин Саенгпак кәсіпқой рингте 28 жекпе-жек өткізіп, 19-ында жеңіске жетіп, 9-ында жеңілген. 14 кездесуде нокаутпен жеңіске жеткен.

Нұржан Серікбаев кәсіпқой бокстағы дебютін екі жыл бұрын өткізген болатын. Оның рекордында техникалық нокаутпен 4 жеңіс бар. Қазақстандық жеңіліссіз өнер көрсетіп келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;