русский язык

«Санкт-Галлен» — «Тобыл». Алаң иелері айқын фаворит

«Санкт-Галлен» — «Тобыл». Алаң иелері айқын фаворит

25 шілдеде Сент-Галленде (Швейцария) «Санкт-Галлен» мен «Тобыл» арасында Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің бірінші ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жаңа қолданушыларға «PROSPORTS» промокоды бойынша алғашқы үш депозитке 250 000 теңгеге дейін көбейтілген бонус дайындап қойды.

«Тобыл» биылғы Еурокубок маусымын Еуропа лигасында бастаған. Бірақ алғашқы іріктеу кезеңінде словакиялық «Ружомбероктан» (жалпы есеп - 3:5) жеңіліп қалды. Нәтижесінде қостанайлық клуб жарыс жолын Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде жалғастыратын болды.

Ал «Санкт-Галлен» 2024/25 жылғы маусымындағы алғашқы Еурокубок матчын өткізгелі отыр. Команда 2023/24 жылғы Швейцария чемпионатында 5-орын алып, Конференция лигасының іріктеу сынына қатысуға мүмкіндік алған.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл ойынның айқын фавориті ретінде алаң иелерін атап отыр. Мамандар «Санкт-Галлен» жеңісіне - 1.36, «Тобылдың» пайдасына - 9.80 коэффициент беріп отыр. Ал тең ойын болады дегенге 4.60 коэффициент ұсынады.

Сонадй-ақ, «екі команда да гол соғады» дегенге бәс – 1.82 коэффициент. Өйткені «Тобыл» Еуропа лигасының алғашқы іріктеу турындағы екі ойында 3 гол соқты. Оның үстіне алаң иелері де шабуылға әуес команда, былтыр Швейцария чемпионатының 38 турында 60 гол соққан.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;