русский язык

«Санкт-Галлен» — «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы

«Санкт-Галлен» — «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы

Бейсенбі күні, 25 шілдеде Сент-Галленде (Швейцария) Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қостанайлық «Тобыл» мен жергілікті «Санкт-Галлен» арасындағы алғашқы ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Санкт-Галлен» - «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. Оны elarna.kz телеарнасынан көруге болады.

«Тобыл» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 4-орында. 12-турдан кейін қостанайлық клубтың еншісінде 19 ұпай бар.

Айта кетейік, Еуропа лигасында қостанайлық клуб Словакия кубогының иегері «Ружомбероктан» жалпы 3:5 (2:5, 1:0) есебімен ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;