русский язык
Футбол

Олимпиадада Аргентинаның матчы төңірегінде жанжал шықты

Олимпиадада Аргентинаның матчы төңірегінде жанжал шықты

Олимпиададағы Аргентина-Марокко матчы төңірегінде жанжал шығып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

ХОК ресми сайтында хабарланғандай, кездесу әлі аяқталған жоқ, бірақ ойыншылар бір сағаттан астам уақыт бұрын киім ауыстыратын бөлмеге кетіп, барлық ақпарат көздері түпкілікті нәтижені жазды (2:2).

L'Équipe басылымы Кристиан Медина голынан кейін марокколық жанкүйерлер алаңға жүгіріп шығып, бүлік шығарғанын хабарлады.

Аргентина соққан гол оффсайдқа байланысты есепке алынбайды. Олай болған жағдайда командалар алаңға оралып, қалған үш минутты ойнап, есеп өзгермесе, 1:2 нәтижесі Марокко пайдасына тіркеледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;