русский язык
Басқа

Томас Бах сегіз жылға ХОК мүшесі болып қайта сайланды

Томас Бах сегіз жылға ХОК мүшесі болып қайта сайланды

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах ұйымның мүшесі болып сегіз жылға қайта сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім Парижде өтіп жатқан ХОК-тың 142-сессиясында қабылданды. Бахтың қайта сайлануы үшін 95 қатысушының 93-і дауыс берді, екеуі қалыс қалды.

Бах 70 жаста, ол алғаш рет 1991 жылы ХОК мүшесі болып сайланды, ал 1996 жылы ұйымның атқарушы комитетіне кірді. 2013 жылы 10 қыркүйекте Бах ХОК президенті болып сайланды және 2021 жылы қайта сайланды. Бах командалық семсерлесуден 1976 жылғы Олимпиада чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;