русский язык
Теннис

Астанада 16 жастағы Әмір Омарханов өзінен ересек қарсыласын жеңді

Астанада 16 жастағы Әмір Омарханов өзінен ересек қарсыласын жеңді

Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Әмір Омарханов Астанада өтіп жатқан ITF M25 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 15-ракеткасы Әмір Омарханов өткен аптада Президент кубогі үшін челленджер жарысында екінші айналымға шыққандықтан, ATP рейтингісіне алғаш рет кіріп, 1349-орынға жайғасқан еді.

Бұл жолы Әмір әлемнің 465-ракеткасы, 20 жастағы ресейлік Илья Симакинмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Омарханов 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде ресейлік теннисші есе қайырды — 6:4.

Үшінші, шешуші сетте Әмір жеңісті жұлып алды — 6:2.

Тартысты бәсеке 2 сағат 22 минутқа созылды.

Әмір Омарханов келесі кездесуінде әлемнің 789-ракеткасы, қытайлық Ван Аожаньнан айласын асырса, ширек финалға өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;