русский язык
Әлем футболы

«Әл-Иттихад» «Манчестер Сити» қақпашысына қызығушылық танытып отыр

«Әл-Иттихад» «Манчестер Сити» қақпашысына қызығушылық танытып отыр

«Әл-Иттихад» «Манчестер Сити» қақпашысы Эдерсонға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Николо Скираның мәліметінше, тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. «Әл-Иттихад» 30 жастағы қақпашыға жылына 25 миллион еуро жалақымен 2027 жылға дейін келісімшарт дайындап қойған. Эдерсон саудиялық клубқа ауысуға келісімін берген.

Бұған дейін «Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола қақпашының осы жазда командадан кетуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Бұған дейін «қалалықтар» «Әл-Насрдың» трансферінен бас тартқан болатын. Олар 25 миллион еуро ұсынған, ал «Сити» ойыншы үшін екі есе көп алғысы келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;