русский язык
Әлем футболы

Өзбекстан – Испания: Олимпиададағы футбол турнирінің ашылу матчы қалай аяқталады?

Өзбекстан – Испания: Олимпиададағы футбол турнирінің ашылу матчы қалай аяқталады?

Париждегі ойындардың ресми ашылуына екі күн қалғанда футболдан Олимпиадалық турнир басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жаңа қолданушыларға «PROSPORTS» промокоды бойынша алғашқы үш депозитке 250 000 теңгеге дейін көбейтілген бонус дайындап қойды.

Ашылу матчында Өзбекстан мен Испания құрамалары кездеседі. Біздің көршілеріміз алғаш рет Олимпиадаға қатысу құрметіне ие болды, ал испаниялық футболшылар 1992 жылы Барселонада өткен Олимпиадада чемпион атанған және одан кейін тағы үш рет финалға шыққан, оның ішінде 2021 жылы Токиода өткен өткен ойындарда.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі Испания құрамасын Олимпиада турнирінің дебютанттарымен текетірестегі фаворит деп санауы таңғаларлық емес, Испанияның жеңісіне - 1.29 коэффициент берілген. Сарапшылар тең нәтиже тіркелуі екіталай деп санайды: Х – 5.40, Өзбекстанның жеңісіне сенбейді: Ж1 – 8.60.

Олимпиадалық La Furia Roja 2024 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетуге негізгі үміткерлердің бірі болып саналуы бекер емес. Испания құрамасының бас бапкері Санти Дения ұлттық құрама қатарына бірнеше жұлдызды шақыра алды: қорғаушылар Эрик Гарсия мен Пау Кубарси, сондай-ақ жартылай қорғаушы Фермин Лопес.

Бір қызығы, олар бір клуб – «Барселонаның» намысын қорғайды, бәрінің ұлттық құрамада ойнау тәжірибесі бар, ал Лопес жақында ғана Германияда аяқталған Еуро-2024-те чемпион атанды.

Өзбекстанның олимпиадалық құрамасының да өз «жұлдыздары» бар – франциялық «Ланста» өнер көрсететін Абдукодир Хусанов, РПЛ-да ойнайтын Аббосбек Файзуллаев (ЦСКА) және Умарали Рахмоналиев («Рубин»). Сонымен қатар, Өзбекстан құрамасы сапында Парижде өтетін Олимпиадада Қазақстан Премьер-лигасының жалғыз өкілі, «Қайрат» қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошев өнер көрсетеді. Сондықтан біздің футбол жанкүйерлерінің Парижде жеке қолдау көрсететін адамы болады.

Олимпиаданың ашылу матчынан жақсы нәтиже күтуге бәріміздің құқығымыз бар, өйткені 3 голдан астам соғылады деген бәске 1.92 коэффициенті берілген.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;