Еркебұлан Тоқтардың қарсыласын қырғыз блогері жекпе-жекке шақырды
![Еркебұлан Тоқтардың қарсыласын қырғыз блогері жекпе-жекке шақырды](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/203991_2fe75e9fce8b2b289b7463851c8fb3a2.webp?v=28697371)
Қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтардың (7-3) қарсыласы өзбекстандық Одилхон Камолов (4-3) күтпеген шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
OCTAGON 61 шарасы аясында төбелесуге келісім-шартқа отырған танымал қырғыз блогері Арсенхан Камоловты төбелеске шақырып, басын жұлып аламын деп қорқытып, қарсыласын қорқақ деп айыптады.