русский язык
Футбол

Исламхан «Ордабасының» еурокубоктағы кезекті жеңілісінен кейін жанкүйерлерге үндеу тастады

Исламхан «Ордабасының» еурокубоктағы кезекті жеңілісінен кейін жанкүйерлерге үндеу тастады

«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Дифферданж 03» (Люксембург) - «Ордабасы» - 1:0 арасындағы бірінші ойыннан кейін жанкүйерлерді команданы қолдауға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бүгінгі ойын біз үшін нашар нәтижемен аяқталды. Осымен бәрі бітті деп ойламаңыздар. Келесі аптада 1 тамыз күні қарымта ойын бар, бізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет», - деді Исламхан клубтың баспасөз қызметіне.

Қоса кетейік, «Ордабасы» келесі кезеңге өтсе, қай командамен кездесетіні анықталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;