русский язык
Футбол

Месси MLS жұлдыздары матчына қатыспайды

Месси MLS жұлдыздары матчына қатыспайды

«Интер Майами» шабуылшылары Лионель Месси мен Луис Суарес жарақатына байланысты MLS және Мексика лигасының жұлдыздары арасындағы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

37 жастағы аргентиналық Колумбия құрамасымен 2024 жылғы Америка кубогының финалдық ойынында (1:0) жарақат алған болатын. Колумбиялық Луис Диаспен болған қақтығыстан кейін Мессидің тобығы қатты ісіп кеткен.

Суарес тізе буынындағы жайсыздыққа байланысты матчқа қатыспайды. Кездесуге қорғаушы Хорди Альба мен жартылай қорғаушы Серхио Бускетс қатысады деп хабарланды.

MLS және Мексика чемпионатының жұлдызды ойыны 25 шілдеде Колумбус қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;