русский язык

Конференция лигасы: «Дифферданж» — «Ордабасы» матчының трансляциясы

Конференция лигасы: «Дифферданж» — «Ордабасы» матчының трансляциясы

23 шілдеде Дифферданжда (Люксембург) «Дифферданж» мен «Ордабасы» арасында Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің бірінші ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дифферданж» — «Ордабасы» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 1 тамыз күні Шымкентте өтеді.

Айта кетейік, жаңа еурокубок маусымын «Ордабасы» Чемпиондар лигасында бастаған. Бірақ бірінші іріктеу кезеңінде молдавиялық «Петрокубе» командасынан жеңіліп қалды (жалпы есеп - 0:1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;