«Рахмет» Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына қатыспайды
![«Рахмет» Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына қатыспайды](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201736_f71d5eb669c53d0bf7a7fdc04c25c3db.webp?v=28696277)
Ақтөбелік «Рахмет» футзал клубы Қазақстан чемпионатының 2024/25 жылғы маусымына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы futsalkazakhstan инстаграм парақшасы хабарлады.
«futsalkazakhstan-ға белгілі болғандай, „Рахмет“ клубы 2024/25 жылғы маусымға қатысатынын растаған жоқ.
Қазақстан футзал қауымдастығы клубтардан 15 шілдеге дейін келесі Суперлигаға қатысуға жазбаша өтініш жіберуді талап етті. «Рахмет» мұны істеген жоқ, олар 99% алдағы маусымға қатыспайды.
Клуб әуесқой лигадан кәсіпқой лигаға жол тартып, Қазақстан кубогының күміс жүлдегері атанған», - деп жазды ресурс.