русский язык
Әлем футболы

Қазақстан құрамасының бапкері РПЛ жаңа маусымының фаворитін атады

Қазақстан құрамасының бапкері РПЛ жаңа маусымының фаворитін атады

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері, бұған дейін Ресей құрамасын басқарған Станислав Черчесов Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) жаңа маусымының фавориті туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кімнің фаворит екенін айтуға тәуекел етпес едім, дегенмен «Зениттің» белгілі себептермен жеңіске жету мүмкіндігі жоғарырақ. Бірақ әлемде бірде-бір клуб үнемі жеңіске жете бермейді.

«Зенитте» белгілі бір себептерге байланысты плюс бонусы бар екені анық. Клубтың жүз жылдығына келетін болсақ, бұл ешқандай артықшылық бермейді. Бірақ жеңіске деген құлшынысты жоғалтып алмау үшін жұмыс істеу керек », - деді Черчесов «Ресей футболы» бағдарламасының эфирінде.

Айта кетейік, былтырғы Ресей чемпионатында «Зенит» 57 ұпай жинап, РПЛ кестесінде бірінші орынға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;