русский язык
Теннис

Әлемдік теннис жұлдызы Париж Олимпиадасына қатыспайды

Әлемдік теннис жұлдызы Париж Олимпиадасына қатыспайды

Чехиялық теннисші Маркета Вондроушова Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өкінішті, бірақ денсаулығыма байланысты Париждегі Олимпиадаға қатыспаймын. Соңғы сәтке дейін тым болмаса жұптық сында өнер көрсетемін деп үміттендім, бірақ қолымдағы ақаулар кортқа шығуыма кедергі болды.

US Open турниріне қатысуға тырысамын, Францияда өнер көрсететін чех ойыншыларына сәттілік тілеймін», - деп жазды Вондроушова Instagram парақшасында.

Вондроушова 25 жаста, әлемнің 18-ракеткасы, Уимблдон-2023 жеңімпазы. Токиода өткен Олимпиадада ол жекелей сында финалға шығып, швейцариялық Белинда Бенчичке есе жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;