русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али «Танк» Балоев 24 шілде күні Мәскеуде өтетін «Hardcore Boxing» турнирінде ресейлік ауыр салмақтағы Виталий Кудуховқа қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Али Балоев (13-1-1, 8КО) кейінгі рет рингке өткен жылдың қыркүйек айында шыққан болатын. Ол жекпе-жекте франциялық боксшы Сирил Макиадиді (15-4-2, 6КО) ұпай санымен жеңіп, бірінші ауыр салмақта WBO Global титулын жеңіп алды.

Виталий Кудухов кәсіпқой рингте 7 жекпе-жек өткізіп, 6 жеңіске жетіп, бір рет жеңіліске ұшыраған. Кейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың наурызында отандасы Басир Абакаровтан төрешілер шешімімен ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;