русский язык
Әлем футболы

«Барселона» жартылай қорғаушысы Қатар чемпионатына ауысуы мүмкін

«Барселона» жартылай қорғаушысы Қатар чемпионатына ауысуы мүмкін

«Барселона» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган карьерасын Қатарда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі DeadlineDayLive твиттер-парақшасына сілтеме жасап.

Неміс жартылай қорғаушысына «Әл-Садд» қызығушылық танытып отыр, бірақ трансфер бойынша ресми ұсыныс әлі жасаған жоқ.

Гюндоганның «Барселонамен» қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін (бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен) есептелген.

2023/24 маусымында Гюндоган «Барселона» сапында барлық турнирде 51 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;