русский язык
Бокс

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов қарсыластары туралы айтып берді

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов қарсыластары туралы айтып берді

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов қарсыластары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

«Бұл менің бара жатқан бесінші олимпиадам. Әрбір олимпиадада тамақ жағынан ешқандай мәселе болмады. Олимпиадада бүкіл әлем асханасы болады, сол жерден тамақтанады. Азияның немесе Американың, Еуропаның, қай құрлықтың тамағын жегің келсе, сол болады.

Ал бізге ең жақыны – ет. Сиырдың, қойдың, тауық, үйрек-қаздың етіне дейін болады. Ұлттық құрама үшін федерациямыз жігіттерге дайындаған қазы-қарта, жілік-жілік етімізді алып барамыз.

Бұл бірінші олимпиада емес, біз өзіміз үшін ет алып жүреміз. Қазақтың жігіттері ет жемесе, тамақ жегендей болмайды. Сол себептен өзімізбен бірге құртымызды, қазы-қарта, жаямызды алып жүреміз», - деді М.Айтжанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;