русский язык

Лига кубогында жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды

Лига кубогында жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды

Футболдан Лига кубогы турнирі жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

21 шілдеде А тобында «Ақжайық» (Орал) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары кездесті.

Биыл бірінші лигада бақ сынап жүрген «Ақжайық» аталған қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Кездесуде петропавлдық команда негізгі құрамдағы бірқатар ойыншыларды ойынға қосты.

Соған қарамастан қарсыласына есе жіберіп қойды.

Аталған топта «Қайрат» (Алматы) өз алаңында «Таразды» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл топта жеті ұпай жинаған «Қайрат» жартылай финалға жолдама алды.

Ал В тобында «Жеңіс» (Астана) жарыстың келесі сатысына жолдама алды. Олар үшінші турда сырт алаңда «Ақтөбеге» жол берді. Турнир кестесінде екі команда алты ұпай жинады. Доп айырмасы бойынша елордалық клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Аталған топта «Қайсар» (Қызылорда) өз алаңында «Тобыл» (Қостанай) командасын 5:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қостанайлық ұжым бұл кездесуге негізінен жастар командасын алып келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;