русский язык
Бокс

Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан жеті алтын медаль жеңіп алды

Қостанайда Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған халықаралық жастар турнирі өтті.

Жарысқа 2006 және 2007 жылы туған боксшылар қатысты. Турнирдің қорытындысына сәйкес Қазақстан жеті алтын медаль жеңіп алды.

Өз салмақ дәрежесінде Халит Бекетов (48 кг), Алмас Нұрлан (54 кг), Ерхан Оңталапов (57 кг), Бекжан Тлебалды (71 кг), Арыстан Нұрмагамбет (75 кг), Ілияс Жандау (80 кг) және Аслан Елдибайұлы (92 кг) қанжығасына алтын медаль байлады.

Сондай-ақ Тәжікстаннан келген үш боксшы алтын медаль алды. Олар: Дамир Муйбалихонов (60 кг), Руслан Гафуров (63,5 кг) және Идрис Ильназаров (92+ кг).

Ал, Өзбекстан екі алтын медаль алды. Чемпион атанған Абдулазиз Абдуназаров (51 кг) және Абдуллох Тохиров (67 кг).

Қырғызстаннан Чойбеков (86 кг) бір алтын медаль алды.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;