русский язык
Басқа

Қазақстанның Франциядағы Елшілігі аумағында олимпиадашылардың фотокөрмесі ашылды

Қазақстанның Франциядағы Елшілігі аумағында олимпиадашылардың фотокөрмесі ашылды

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің аумағында 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына арналған фотокөрме ашылды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Ұлттық комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеде бокс, дзюдо, теннис, таэквондо, семсерлесу, күрес, көркем гимнастика және велоспорт сияқты еліміздің бірқатар спорт түрлері шеберлерінің сүреттері бейнеленген.

«Отандастарымызды спорттың 25 түрінен 81 медаль жиынтығына таласатын спортшыларымызға қолдау көрсетуге, ал Франция астанасының тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз», - деп жазылған Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің ресми сайтында

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;