русский язык
Футбол

«Лугано» - «Фенербахче». Моуриньоның командасы Чемпиондар лигасындағы жорығын қалай бастайды?

«Лугано» - «Фенербахче». Моуриньоның командасы Чемпиондар лигасындағы жорығын қалай бастайды?

23 шілде күні атақты бапкер Жозе Моуринью түріктің «Фенербахче» клубының тізгініндегі алғашқы ресми матчын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жаңа қолданушыларға «PROSPORTS» промокоды бойынша алғашқы үш депозитке 250 000 теңгеге дейін көбейтілген бонус дайындап қойды.

Чемпиондар лигасына іріктеудің екінші кезеңінде швейцариялық «Лугано» өз алаңында «Фенербахчені» қабылдайды. Швейцария чемпионаты енді ғана басталды. «Лугано» «Грассхопперге» қарсы матчта 2-1 жеңіске жетті. Жалпы, жолдастық матчтарды қоса есептегенде команда әр ойында кемі екі голдан соғып отырды.

Өткен маусымда Түркия біріншілігінде 99 ұпай еншілесе де, екінші орын алып қалған «Фенербахче» Жозе Моуриньоны шақырып, ішкі чемпионатта топ жарып, Чемпиондар лигасында ұзаққа шапсақ дейді. Клуб басшылығы португалиялық маманның кез келген талабын орындауға дайын. Ковачич үшін «Манчестер Ситимен» келіссөз жүргізіп жатыр. «Севильяның» үздік сұрмергені Юссеф Эн Несириді үшін клуб қазынасынан 20 миллион еуро бөлгелі отыр.

Түркияда ішкі біріншілік әлі басталмады. Команда жолдастық ойындар өткізіп жүр. Соңғы бес матчта үш рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түсіп, бір ойында ұтылған.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі түркиялық ұжымды айқын фаворит санайды. «Фенербахченнің» жеңісіне 1.76 коэффициент берілген. «Лугано» жеңеді деген нәтижеге сенсеңіз, онда 4.30 коэффициентке бәс тіге аласыз. Тең нәтижеге - 3.92 коэффициент.

Түркиядағы қарымта ойынның қиын боларын түсінетін «Лугано» тиімді нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Әйтседе команда азулы қарсыласқа қарсы айла таба алмайтындай көрінеді. Алаң иелері гол соққанымен, Моуринью шәкірттері жеңіске жетуге тиіс. Қос команда да гол соғады деген болжамға букмекерлік кеңсе 1.69 коэффициент беріп тұр.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;