русский язык
Футбол

«Тобылдың» Конференция лигасындағы қарсыласы маусымдағы алғашқы ресми матчын өткізді

«Тобылдың» Конференция лигасындағы қарсыласы маусымдағы алғашқы ресми матчын өткізді

Швейцариялық «Сент-Галлен» жаңа маусымдағы алғашқы ресми ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швейцария чемпионатының бірінші турында «Сент-Галлен» сырт алаңда «Винтертурмен» ойнап, бұл текетірестің фавориті саналғанымен, алаң иелері жеңіске жетті – 1:0. 70-минутта Винтертур сапында Маттео ди Джусто гол соқты.

«Сент-Галлен» - Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қостанайлық «Тобылдың» қарсыласы. Командалар алғашқы ойынын 25 шілдеде Швейцарияда, қарымта кездесуін 1 тамызда Қазақстанда өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» биылғы еурокубок маусымында жолын Еуропа лигасында бастағанымен, бірінші айналымда словакиялық «Рузомберокқа» (3:5) есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;