русский язык
ММА

Дәурен Ермековтың келесі жекпе жегінің күні белгілі болды

Дәурен Ермековтың келесі жекпе жегінің күні белгілі болды

Дәурен Ермеков пен ресейлік Дмитрий Арышевтың арасныдағы орта салмақтағы титулды жекпе жек тамызда өтетін «Наше Дело 85» турниріне жоспарланған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Ермеков 2023 жылдың маусым айынан кездесу өткізпеген. Соңғы рет ол Naiza FC 52 & Ural FC 3 турнирінде Руслан Шамиловті жеңген. Қазақ файтерінің еншісінде 15 жеңіс пен төрт жеңіліс бар.

31-жасар Арышев октагонға соңғы рет 2023 жылдың қараша айында шыққан. AMC Fight Nights 122 турнирінде Ирвинг Ромеро Мачадодан басым түскен. Барлығы Дмитрийдің еншісінде 15 жеңіс пен сегіз жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;