русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға қайта шығады

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға қайта шығады

IRFIN PROMOTIONS компаниясының баспасөз қызметі танымал қазақстандық боксшы Руслан Мадиевтің (15-2, 6 КО) шаршы алаңға қайта оралатынын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Әйгілі Руслан Мадиев рингке қайта оралды!

Қазақстандық Golden Boy Promotions аясында екі титулды және бір рейтингтік жекпе-жек өткізген.
Мәдиев кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, 15 жеңіске жетті. Дебютінен басқа барлық жекпе-жегін АҚШ-та өткізген. Қарағандылық спортшының өнері ESPN, HBO және басқа да АҚШ-тың ірі телеарналарында көрсетілді», - деп хабарлады IRFIN PROMOTIONS.

Айта кетейік, Мадиев кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы наурызда өткізіп, мексикалық Хуан Хименесті нокаутқа түсірген болатын. Жекпе-жек Росарито қаласында (Мексика) өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;