Қырғызстандық «Халк» нокаутпен жеңіп, титулын қорғап қалды
![Қырғызстандық «Халк» нокаутпен жеңіп, титулын қорғап қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/472_054d1e676ff68920e90b4fab782de8c1.webp?v=28694974)
OCTAGON 60 турнирінде ауыр салмақта кештің басты жекпе-жектерінің бірі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Ұйымның қырғызстандық чемпионы, «Халк» лақап атымен танымал Исламбек Бактыбек уулу (7-2) ирандық Акбар Бекхяпурға (4-1) қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғады.
Жекпе-жектің басында титулға үміткер ширақ шабуылдады. Бірақ кейін Бактыбек уулу қарқынын үдетіп, жойқын соққылар жасай бастады. Алғашқы раунд аяқталар сәтте қырғыз файтері ауыр соққымен қарсыласын құлатып тастады. Рефери жекпе-жекті бірден тоқтатып, «Халк» мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink