русский язык
Әлем футболы

Еуро-2024-те көзге түскен грузиялық әлемнің қымбат қақпашысы атанды

Еуро-2024-те көзге түскен грузиялық әлемнің қымбат қақпашысы атанды

Грузия құрамасының қақпашысы Георгий Мамардашвили Португалия құрамасының қақпашысы Диогу Коштамен қатар Еуро-2024 турнирінен кейін әлемдегі ең қымбат қақпашылар көшін бастады.

Transfermarkt порталы қақпашылардың трансферлік бағасын жаңартты. Бұл тізімде бірінші орынды Еуро-2024 турнирінде ерекше көзге түскен қос қақпашы – 23 жастағы Георгий Мамардашвили мен 23 жастағы Диогу Кошта бөлісті. Олардың трансферлік құны 45 миллион еуроға бағаланды.

Рейтингтің одан кейінгі орындарына "ПСЖ" қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма мен "Боруссия Дортмунд" қақпашысы Грегор Кобель (40 миллион еуро) жайғасты.

Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат қақпашылар:

1-2. Георгий Мамардашвили ("Валенсия") – 45 миллион еуро;

1-2. Диогу Кошта ("Порту") – 45 миллион еуро;

3-4. Джанлуиджи Доннарумма ("ПСЖ") – 40 миллион еуро;

3-4. Грегор Кобель ("Боррусия Дортмунд") – 40 миллион еуро;

5. Майк Меньян ("Милан") – 38 миллион еуро;

6-10. Гульельмо Викарио ("Тоттенхэм Хотспур") – 35 миллион еуро;

6-10. Давид Райя ("Арсенал") – 35 миллион еуро;

6-10. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити") – 35 миллион еуро;

6-10. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити") – 35 миллион еуро;

6-10. Андре Онана ("Манчестер Юнайтед") – 35 миллион еуро.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;