русский язык
Велоспорт

Луценко жарақатына байланысты Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін

Велошабандоз Алексей Луценко "Тур де Франс" көпкүндігінің 17-кезеңін тізе жарақатына байланысты аяқтай алмаған еді. Осының салдарынан велошабандоз Париж Олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін.

Cпортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлегенің мәліметіне сүйенетін болсақ, Алексей Луценко жарақатына байланысты Париж Олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін.

- Алексей Луценко жарақат алып, қазіргі уақытта олимпиадалық веложарысқа қатысатын қазақстандық спортшылар арасында ауыс-түйіс болып жатыр. Алексей Луценконың орнына жекелей сында Евгений Федоров өнер көрсетеді.

Бастапқы уақытта Алексей Луценко жекелей және топтық сында өнер көрсетуі керек болса, енді ол тек топтық сындағы бәсекеге ғана қатыса алады. Ал Федоров екі бәсекеде де өнер көрсетеді. Оның үстіне, Алексей Луценко топтық сындағы жарысқа дейін қалпына келеді деп сенейік", - деді Аян Төлеген Telegram желісіндегі ресми арнасында.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;