Лига кубогы: «Шахтер» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы
![Лига кубогы: «Шахтер» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201736_0c454180d56413ba671882ccd1d9b204.png?v=1721369494400?v=28694133)
Бүгін қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» арасында Лига кубогы топтық кезеңі аясындағы үшінші турының ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады және оны «Q League» телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, «Астана» үш ұпаймен D тобында көш бастап тұр, ал «Шахтер» үшінші орында, тек доп айырмасы бойынша елордалық ойыншыларды артқа тастады.