русский язык

«Қайрат» шабуылшысы «Жетісуға» ауысуы мүмкін

«Қайрат» шабуылшысы «Жетісуға» ауысуы мүмкін

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Вячеслав Швырев «Жетісуға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тараптар 23 жастағы шабуылшыны 2024 жылғы маусымның соңына дейін жалға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Алматылық бас бапкер Александр Кержаков ойыншымен санаспай, оның ауысуына рұқсат бергені хабарланды.

Швырев – Теміртау футбол мектебінің түлегі. Футболшы «Қайрат» академиясына 2013 жылы түсіп, 2018 жылы, 17 жасында негізгі команда сапындағы дебютін өткізді.

«Қайраттың» негізгі құрамында Вячеслав 101 матч өткізіп, 14 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;