русский язык

«Ақтөбе» үшін еуромаусым аяқталды

«Ақтөбе» үшін еуромаусым аяқталды

«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасымен қош айтысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақ-қызылдар» бірінші іріктеу кезеңі аясында «Сараевоға» қонаққа барған. Бір апта бұрын Ақтөбеде өткен матчта «ақ-қызылдар» 0:1 есебімен жеңілген еді.

Ал Сараевода өткен матчтың негізгі уақытында ақтөбеліктер есе қайтара алды. «Ақтөбе» сапында Ыдырыс Ұмаев пен Әділхан Таңжарықов гол соқты. Босниялық клубтан Гиорги Гуляшвили көзге түсті.

Осылайша, матч овертаймға өтіп, командалар тағы бір голдан салды. Жайро Жанның голына бірнеше минуттан кейін Ренан Оливейра жауап қатты.

Екі матч қорытындысы бойынша ойын 3:3 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал онда босниялықтар басым болды. «Ақтөбеден» Дорни Ромеро мен Максим Самородов гол соға алмады.

Салдарынан «Ақтөбе» үшін биылғы еуромаусым аяқталды.

«Сараево» - «Ақтөбе» - 2:3 (4:3 пен)

Голдар: Гуляшвили 57 (1:1), Оливейра 96 (2:3) – Ұмаев 41 (0:1), Таңжарықов 75 (1:2), Жайро 93 (1:3)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;