русский язык

«Тобыл» жеңді... бірақ жеңілді

«Тобыл» жеңді... бірақ жеңілді

Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында словакиялық «Ружомберокты» жеңді, бірақ келесі кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тобыл» Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Ружомберокқа» қарсы қарымта матч өткізді. Матч жылдам голмен басталды. 8-минутта Ахмед Әл-Мессауди жақын бұрышты дәл көздеді.

Бірақ бұл матчтағы жалғыз гол болды. Қостанайлықтар бір мәрте допты бағанаға тигізді, ақыры есепті өзгерте алмады - 1:0.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша словакиялық клуб 5:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал «Тобыл» енді Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;