русский язык
Футзал

Футзалдан Қазақстан чемпионатының үздік бапкері аталды

Футзалдан Қазақстан чемпионатының үздік бапкері аталды

Қазақстанның футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік бапкерін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы бразилиялық маман, «Семей» футзал клубының бас бапкері Дави Перейра Де Мендонса жеңімпаз деп танылды. Ол Қазақстанға алғаш рет келіп, «Қайраттың» 20 жылдық гегемониясын үзіп, бірден ел Чемпионы атанды. Сондай-ақ Қазақстан кубогының финалисті атанды. Ол 28 ұпай жинап, үздік бапкер атанды. Екінші орында «Аяттың» бас бапкері Василий Смолин. 3-5 орындарды Марлон Веласко, Биро Жаде және Жақсылық Байсариев бөлісті.

Бұған дейін үздік бапкер Какау (5 рет), Әміржан Мұқанов (4 рет), Борис Глушков пен Кака 2 рет, сондай-ақ Ренат Камалетдинов пен Жоао Карлос Барбоза болып танылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;