русский язык
Теннис

Александр Недовесов Швециядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Александр Недовесов Швециядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов - эквадорлық Гонсало Эскобар ширек финалда Аргентина өкілі Федерико Кориа - жапониялық Таро Дэниелді жолдан тайдырды.

Бірінші партияда аргентиналық-жапониялық дуэт 6:4 есебімен басым түскенімен, Недовесов - Эскобар камбэк жасай білді - 6:3, 11:9. Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 4 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Қазақстандық-эквадорлық жұп финалға шығу үшін франциялықтар Мануэль Гинар - Грегуар Жакпен таласады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;