русский язык
Хоккей

«Барыс» екі хоккейшімен келісімшартқа отырды

«Барыс» шабуылшылар Дінмұхамед Қайыржан (екі маусымға) және Аңсар Шайхмедденовпен (бір маусымға) екіжақты келісім-шарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі ойыншы да «Барыс» жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері.

Қайыржан өткен маусымда ҚХЛ тұрақты маусымында 30 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Шайхмедденов ҚХЛ-дағы 29 кездесуде 3 (1+2) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;